Тұлғаның өзін-өзі анықтау

Тұлғалық белгілер

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылы

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Тұлғаның имплицитті теориясы

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

Тұлғаның өзін-өзі анықтау

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.

Психикалық iс-əрекеттiң мақсат бағдарлы жəне нəтижелi болуы үшiн адам ең алдымен өзiнiң ой-санасын iстеп жатқан əрекетi мен сол əрекет нысанына тоқтата бiлуi қажет. Əдемi сурет салуға бекiнген баланы көз алыңызға келтiрiңiз. Сурет затын, оның түр-түсi мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшiнiң жұмысқа шомғаны сонша, тiптi ата-аналарының оған қарата айтқан сөздерiн мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейiнiн iстеп жатқан əрекетiне шоғырлады, назарын қажеттi заттарына аударды, басқа заттардың бəрiне алаңдамастан, өз керегiмен шұғылданды деймiз. Келтiрiлген мысал адамның бiр мезгiлде əрқандай заттар туралы ойлап, əртүрлi iспен бiрдей шұғылдана алмайтынының дəлелi. Сондықтан да оның санасы белгiлi мезеттiң əрбiр бөлiгiнде өзiне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мəндi тараптарына бағытталады. Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық əрекеттiң таңдамалылық сипатын, нақты объектi күнi бұрын ниеттi iрiктеуiн, не оған мəн бермеуiн айтамыз.

Зейiн табиғатын түсiндiруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесi тұжырымдар тобын алға тартады: 1. Зейiн қимылдық икемделудiң нəтижесi. Мұндай пiкiр келесi негiзде туындаған: зейiннiң бiр заттан екiншi затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкiн емес, қимыл нəтижесiнде ғана сезiм ағзалары қабылдау үшiн тиiмдi жағдайларға икемдеседi. 2. Зейiн сана аумағының шектеулi болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мəнге ие екенiн түсiндiрiп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күштi елестердiң əлсiз елестердi ығыстыратынын немесе тежейтiнiн алға тартады. 3. Зейiн көңiл-күй нəтижесi. Ағылшын психоло-гиясында кең өрiстi дамыған бұл теория зейiннiң алға қойылған ниетке тəуелдiлiгiне негiзделедi. Дж. Миль "ұнамды немесе жағымсыз сезiмге, не идеяға бөлену мен сол факторларға зейiндi қатынас екеуi де бiр нəрсе" - деп тұжырымдайды. 4. Зейiн өткен тəжiрибенiң нəтижесi, яғни адам бiлген, таныған затына ғана ден қояды. 5. Зейiн рухтық сананың ерекше белсендiлiк қабiлетi. Зейiн құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсiндiруге келмейтiн əу бастан бар белсендi қабiлетпен баламалайды. 6. Зейiн жүйке тiтiркендiргiштерi күшейуiнiң нəтижесi. Бұл гипотезаға орай зейiн орталық жүйке жүйесiнiң мекендi тiтiркену қабiлетiнiң ұлғаюынан пайда болады деп түсiндiрiледi. 7. Жүйкелiк тежелу теориясы зейiннiң негiзгi себебiн төмендегiше пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесiнде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерiнен басымдау келедi, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.

Өзiнiң пайда болуы мен iске асу жағынан, əдетте, зейiн ырықсыз жəне ырықты болып екi түрге бөлiнедi. Ырықсыз зейiн - ең қарапайым жəне адамда алғашқы көрiнетiн психикалық процесс, оны сонымен бiрге енжар, ерiксiз деп те атайды, себебi ол адамның алдына қойған мақсатына тəуелсiз туындайды əрi əрекетке қосылады. Ырықты зейiннiң ырықсыз зейiннен ерекшелiгi оның саналы мақсатқа тəуелдi келуi. Зейiннiң бұл түрi адам еркiмен тығыз байланыста болып, оның еңбектiк күш салуларының нəтижесiнде пайда болады, сондықтан да ырықты зейiн ерiктi, белсендi, ниеттелген деп те сипатталады. Қандай да бiр шешiмдi қабылдай отырып, бiз iске кiрiсемiз, сол iс бiз үшiн сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейiн қойып, оны орын-дауға өзiмiздi мəжбүрлеймiз. Ырықты зейiннiң басты қызметi - психикалық процесс ағымын белсендi түрде реттеп бару.

4. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi

Зейiннiң шоғырлануы - оның белгiлi бiр нысанға бағытталып, онда топталу күшi мен дəрежесi, яғни психика-лық немесе саналы iс-əрекеттiң толығымен қажеттi нүктеге шөгуi. Зейiннiң шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағы-ның доминанттық қызметiмен тiкелей байланысты (Н. А. Ухтомский). Дəлiрек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың жəне сонымен бiр уақытта жүретiн бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуiнiң салдарынан келiп шығады. Зейiннiң бөлiнуi деп адамның өз зейiнiнiң ауқымында бiр уақытта бiрнеше əртүрлi нысандарда ұстай алу қабiлетiн түсiнемiз. Осы қабiлетiне орай əр адам бiр мезгiлде бiрнеше əрекеттердi өз зейiнiнде ұстап, орындау мүмкiндiгiне ие. Мысалы, əйгiлi Юлий Цезарь бiр уақытта өзара байланыспаған жетi iспен шұғылдана алады екен. Ал Наполеон өз көмекшiлерiне бiр уақыт iшiнде жетi ресми құжат бойынша көрсетпе берiп, жаздыратын қабiлетке ие болыпты. Бiрақ өмiр тəжiрибесi көрсеткендей, адам тек қана бiр iстi, кейде екi iстi саналы орындау мүмкiндiгiне ие. Бұл жағдайда орындалып жатқан жұмыстың бiрi саналы зейiндi талап етпейтiндей, автоматтандырылған дəрежеде болуы қажет. Егер бұл шарт сақталмаса, iс-əрекеттердi бiрiктiрiп орындау мүмкiн емес. Зейiннiң ауысуы зейiннiң бiр нысаннан екiншiсiне саналы жəне байыпты өтуiн бiлдiредi. Зейiннiң ауысу қасиетiнен бiз қоршаған ортаның өзгермелi, күрделi жағдайында жылдам бағыт-бағдар тауып отыру мүмкiндiгiне иемiз. Зейiн ауыстырудың жеңiл не қиын болуы əр адамға əртүрлi болып, белгiлi шарттарға тəуелдi келедi (алдыңғы əрекет пен кейiнгi əрекеттiң ара байланысы, олардың əрқайсысына болған субъектiнiң қатынасы). Орындалатын қызмет неғұрлым қызықты болса, оған зейiннiң ауысуы да оңай, ал iске көңiл соқпаса, оған ден қою да жеңiл соқпайды. Зейiннiң ауыспалылығы саналы, көп қайталанған жаттығуды талап ететiн қасиеттердiң қатарына жатады. Зейiн көлемi - ерекше құбылыс. Адам бiр уақытта əртүрлi заттар жөнiнде теңдей ойлап, əрқилы жұмыстарды орындауы мүмкiн емес. Осыдан сырттан келiп жатқан ақпараттарды адам өзiнiң өңдеу мүмкiндiктерiне орай топ-тап, жiктейдi.

Зейiннiң алаңдаушылығы - бұл зейiннiң бiр нысаннан екiншiсiне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да iспен шұғылданып отырған адамға тыс тiтiркендiргiш əсерлердiң ықпал етуiнен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне iшкi болып бөлiнедi. Сыртқы алаңдаушылық - субъектiге тысқы, қоршаған орта жағдайларының əсер етiп, ырықты зейiннiң ырықсыз зейiнге ауысуынан болады.

Зейiннiң шашыраңқылығы деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейiнi мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз. Шашыраңқылықтың екi түрi белгiлi: жалған жəне шын. Жалған шашыраңқылық - адамның бiр iске өте берiлiп, өзiн тiкелей қоршаған заттар мен құбылыстар əсерiне елеңдемеуi.

Қабылдау- аса көп талдап, бiрiктiру қызметiн керек ететiн құрылымды əрi белсендi психикалық əрекет. Бұл күрделiлiк пен белсендiлiк келесi жəйттерден көрiнедi. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезiм мүшелерi жəй тiтiркенуiнiң нəтижесiнде қозулардың шеткi қабылдаушы мүшелерден миға жетуi ғана емес. Қабылдау қызметiне қозғалыс əрекеттерi де қосылады (мəндi тетiктерiн байқастыру үшiн заттарды түртiп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мəндi ерекшелiктердi анықтау мақсатында тиiстi дыбыстарды əуендеп не күбiрлей қайталау).

Қабылдаудың заттық тектiлiгi. Қабылдаудың бұл қасиетi оның объектив болмыстық көрiнiсiмен түсiндiрiледi, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзi осы объектив дүниенiң өзiнде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиетi емес, ол өмiр бойы қалыптасып, iс-əрекеттiң барша саласында бағыттау-реттеу қызметiн атқарады.

Қабылдаудың тұтастығы. Түйсiк, жоғарыда айт-қанымыздай, заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбiр қасиеттерiнiң бiр тектi сақталуын айтамыз. Өзгерiстер орынын толықтыру қабiлетiне ие қабылдаушы талдағыш-тардан құрылатын тұрақтылыққа орай бiз қоршаған дүние заттарын бiр қалыпты күйiнде танып, бiлемiз. Көбiне заттардың түрi, көлемi мен формасы мызғымас қалпында бейнеленедi. Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi. Жалпылап тануда нəрселердiң жай-жапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi. Апперцепция. Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субъектiнiң өзiне де байланысты көрiнiс бередi. Қабылдайтын көз, құлақ емес, əрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшелiк-терiмен де сипатталады. Қабылдау нəтижесiнiң жеке адам психикалық өмiрiне, оның тұлғалық ерекшелiктерiне тəуелдiлiгi апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмiр тəжiрибесi үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бiр заттың өзiн əрқилы адамдар (бiлiмiне, тəжiрибесiне, тəрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтiк дəрежесiне, т.т. орай) əртүрлi қабылдайды.

Бiздiң əрбiр толғанысымыз, əсерленуiмiз бен əрекет-қылығымыз санамызда бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақта-лып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм. Осыдан, өткен тəжiрибемiзден қалған iздердi жадымызда қалдырып, сақтап, кейiн бұрын бiлгендерiмiздi жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен ес - бiр-бiрiмен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделi психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъектi жеке басының өмiрлiк тəжiрибесiн жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

Қысқа мерзiмдi есте жоғарыда баяндалған жүйедегiге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезiмдiк деңгейдегi толық көрiнiстей болмай, оқиғаның қандай да бiр шағын баламасына сəйкес келедi. Мысалы, сiзге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесiнде қабылданбай, бiртұтас сөздер қалпында еске алынады.

Ұзақ мерзiмдi ес. Баршаға белгiлiдей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзге- шелiк бар. Осыдан, ұзақ мерзiмдi ес - жадта сақтау жүйесiнiң маңызды да əрi күрделi түрi. Жоғарыда келтiрiлген 2 ес жүйесiнiң қамту аймағы өте шектелген: бiрiншiсi - шағын уақытқа жұмыс iстесе, екiншiсi - материалдың кiшi бiр бөлiгiн ғана ұстап қалуға қабiлеттi. Ал ұзақ мерзiмдi естiң уақыты да, қамту көлемi де шексiз.

Есте қалдыру жəне қайта жаңғырту үшiн жұмсалатын əрекеттердiң сипатына орай естiң əр түрi келесi негiзгi үш өлшемге сəйкес болуы шарт: 1) əрекеттегi басымдау болған психикалық белсендiлiктiң сипаты бойынша ес - қозғалысты, сезiмдiқ, бейнелi жəне сөз - логикалы болып бөлiнедi; 2) iс-əрекет мақсатына орай ес - ырықты жəне ырықсыз болуы мүмкiн; 3) дүниелiк iс-əрекеттегi рөлi мен орнына тəуелдi жатталып, сақталу мерзiмiнiң мөлшерiне байланысты - қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi жəне нақты қызметтiк естер ажыратылады.

Қозғалысты ес - əрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бiрлiктi жүйесiн есте қалдырып, сақтап жəне қайта жаңғырту. Кейбiр адамдарда осы ес түрi басқаларынан гөрi басымдау келедi. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екiншi бiреулердiң қозғалысты есi тiптi шабан. Бұл ес түрiнiң əрқандай еңбектiң дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу əрекеттерiнiң қалыпқа түсуiнде жəне т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, бiз қажеттi əрекет пен қимылдарымызды əрдайым жаңадан үйренiп баруымызға тура келер едi. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның əрекет еп-тiлiгiнен, еңбектегi ұқыптылығы мен "бармағынан өнер тамғанынан" көрiнедi.

Сезiмдiк ес. Əдетте, қажеттерiмiз бен қызығулары-мыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиiмдi не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңiл-күйiмiзбен танытамыз. Осыдан, көңiл-күй есi адам өмiрi мен iс-əрекетiнде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтiп, есiмiзде сақталған сезiмдер əрқашан бiздi əрекетке ынталандырады немесе өткендегi жағымсыз əсерлерге тап келтiрген оқиғалардан сақтандырады. Сiзбен қатынасқан адамның көңiлiн аулау, оқыған кiтабыңыздың кейiпкерiмен қосылып, толғанысқа түсуiңiз осы сезiмдiк еске негiзделген.

Бейнелi ес - елестерге, табиғат көрiнiстерiне, сонымен бiрге дыбыстар, дəмге негiзделген жад iздерi. Ол көру, есiту, сипай сезу, иiстiк жəне дəмдiк болып бөлiнедi. Егер көру, есiту естерi əрбiр жете дамыған адамның өмiрлiк бағыт-бағдарында қалыптасатын болса, онда сезiмдiк, иiстiк пен дəмдiк естер адамның кəсiптiк қасиеттерiне жатады. Сəйкес түйсiктер сияқты мұндай ес түрлерi iс-əрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемiстiгi болған ес түрлерiнiң орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерiлуi мүмкiн, мысалы, соқырдың денесiмен сезiнуi, естiгiштiгi, ал кереңнiң көргiштiгi, иiскей, жанаса сезгiштiгi т.б.

Сөздiк-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына бiздiң ой-өрiсiмiз кiредi. Ой тiлсiз өрнектелмейдi, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздi-логикалы болатыны осыдан. Бiздiң ойымыз əртүрлi тiл формаларымен берiлетiндiктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негiзгi мазмұнын жеткiзумен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкiн. Егер кейiнгi жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтiн болса, онда оның өзгерiссiз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.

Ес процестерi

Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы - ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық əрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тəсiлдердi қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл - болған əсерден ми қабығындағы кейбiр қозу iздерiнiң санада бекiп қалуы. Ми қабығындағы əрқандай процесс соңында бекiмi əр деңгейде болған iз қалдырады.

Түсiнiктi болатын да, есте қалатын да ең алдымен бiздiң iс-əрекетiмiзбен тiкелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бiрақ бiздiң мақсатты əрекетiмiздiң мазмұны-нан тыс, ырықсыз есте қалдыруға негiз болған əрекетке енбеген нəрселер көбiне ырықты есте қалдырудың бол-мағанынан ойда қала бермейдi. Қалай болғанда да ес-керiлетiн жəйт: бiздiң жүйелi бiлiмдерiмiздiң көбi арнайы əрекет-шаралардың нəтижесiнде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниеттi əрекеттiң басты мақсаты - қажеттi материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру жəне тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай əрекет мнемикалық əрекет деп аталады

Механикалық жəне мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажеттi болған материалының мағынасын толық түсiне бiлуiне тəуелдi. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен əрекеттер қабылдау негiзiндегi ретiмен, қандай да бiр өзгерiссiз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиiс нəрселердiң кеңiстiк пен уақыт iшiндегi өзара жақындығына сүйенед

Түсiнiмдi жəне берiк есте қалдырудың шарттары. Материалды түсiнiп, ұғу үшiн əртүрлi əдiстердi қолдануға болады. Игерiлетiн материалдың өзектi ой топтары бөлiп алынып, жоспар түрiнде өрнектеледi. Жоспардың əрбiр атамасы - мəтiннiң белгiлi бөлiгiнiң жалпыланған тақыры-бына айналады. Бiр бөлшектен екiншiсiне өте отырып, материалдың негiзгi мағыналарының логикалық бiрiздi тiзбегi құрылады. Мəтiндi қайта жаңғырту кезiнде қажеттi материал жоспар тақырыбы төңiрегiне шоғырланып, оны еске түсiру жеңiлдейдi.

Тану жəне қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол объектi қабылдау кезiнде көрiнедi, яғни объекттiң қабыл-дануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестерi негiзiнде iске асырылады.

Ұмыту. Ұмыту процесi еске түсiре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегi қателесуде көрiнедi. Ұмытудың физиологиялық негiзi - уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергi етушi ми қабығындағы тежелу əрекеттерi.

Естiң бұзылысы. Ес қызметiнiң қажеттi деңгейiнен керi ауытқуы астарында психологиялық талдауды қажет ететiн əртүрлi жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрiнедi. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбiне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тiкелей) естiң бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, бiлгенiн қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бiрақ өткендегiлерiн түгелдей, жақсы болжастыра алады.


4963304680576592.html
4963352246276452.html
    PR.RU™