Тарау. Материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

214. Барлық микробиологиялық зертханаларда оларды тасымалдау кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ оларды рұқсатсыз беруді және есепсіз сақтауды болдырмайтын микроорганизмдерді сақтауға, беруге қойылатын бірыңғай талаптар орындалады.
215. Су құбырларына, тағам объектілеріне, медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіретін ұйымдарға қызмет көрсететін өндірістік зертханаларда патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерінің мұражайлық өсірінділерінің болуына және оларды зерделеуге байланысты зерттеулер жүргізуге жол берілмейді.
216. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмысқа режімдік комиссияның рұқсатын алған микробиологиялық зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда мұражайлық өсірінділер коллекциясының болуына жол беріледі.
217. I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істеуге рұқсаты жоқ зертханаларда диагностикалық және өзге де зерттеулер кезінде бөлінген микроорганизмдер режімдік комиссияның тиісті рұқсаты бар зертханаға беріледі.
218. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмысқа режімдік комиссияның рұқсаты бар ұйымдарда, зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда мұражайлық өсірінділер коллекциясының болады.
219. Патогендігі I-IV топтардың бөлінген микроорганизмдері ұйым, зертхана басшысының рұқсатымен жойылады.
220. Коллекциялық штаммға берілген белгі (нөмір, код) оны берген кезде өзгермеуі тиіс. Штамм өлген (жойылған) жағдайда оның белгілерін жаңадан келіп түскен штаммдарға беруге жол берілмейді.
221. Патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерінің штаммдарын жою Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
222. Ішінде микроорганизмдер бар сыйымдылықтарда микрорганизмнің атауы, штаммның нөмірі мен қайта себілген (лиофилизацияланған) күні белгіленген айқын, шайылып кетпейтін жазуы немесе берік желімделген затбелгісі болуы тиіс. Уыттары бар сыйымдылықтарда затбелгінің төменгі оң жақ бұрышында қызыл түсті қосымша таңбасы болады.
223. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдері коллекцияда лиофилизацияланған немесе тоңазытылған жағдайда, тығыз немесе сұйық қоректік орталарда, сондай-ақ ағзалардың жүзгіні және консерванттағы тіндер түрінде сақталады
224. Патогендігі I-IV топтардың құрғақ патогенді микроорганизмдері бар ампулаларды себу немесе жою үшін ашу Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
225. Микроорганизмдердің штаммдары тоңазытқышта немесе жанбайтын шкафта (сейфте) топтары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Әртүрлі топтағы микрорганизмдерді жабылатын қақпағы бар сынбайтын ыдыстарда сақтаған жағдайда бірге ұстауға жол беріледі. Сыйымдылықтарға сүргі салады, олардың сыртқы немесе ішкі жағында сақталатын микрорганизмдердің тізбесі мен саны бар тізім орналастырылады.
226. Патогендігі І-ІІ топтардың патогенді биологиялық агенттерін және патогендігі ІІІ-IV топтардың коллекциялық микроорганизмдерін зертхана (ұйым) ішінде беру ұйым басшысының жазбаша рұқсаты бойынша Санитариялық қағидаларға 7-қосымшағасәйкес жүзеге асырылуы керек.
227. Патогендігі І-ІІ топтардың миркоорганизмдерін уақытша сақтауға беруді Санитариялық қағидаларға 8-қосымшағасәйкес актімен ресімдеу қажет.
228. Патогендігі І-IV топтардың микроорганизмдерін ұйымның шегінен тыс беру ұйым басшысының қолы қойылған, мөрі басылған тек ресми өтінім бойынша ғана жүргізіледі. Талап етілетін агенттерді белгілеген кезде қабылданған патогендігі І-ІV топтардың микроорганизмдерінің сыныптамасы пайдаланылады. Микроорганизмдерді алу өтінімінде берілген нөмірі мен күні көрсетілген микроорганизмдермен жұмысқа рұқсатының бар болуына сілтеме болуы тиіс. Беру тек микроорганизмді беретін ұйым басшысының жазбаша рұқсатымен және Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес акт жасау арқылы жүргізіледі. Патогендігі 1-4 топтардың микроорганизмдерін ел шекарасынан тыс шығарып тасымалдау тек қана халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органның жазбаша рұқсатынан кейін жүзеге асырылады.
229. Патогендігі ІIІ-IV топтардың микроорганизмдерін ұйымдар арасында тасымалдау почта байланысы немесе курьер арқылы жүзеге асырылады. Микроорганизмдерді курьермен алған кезде сенімхат және оның жеке басын куәландыратын құжаттар ұсыналады.
230. Патогендігі І-IV топтардың миркроорганизмдерін тасымалдау кезінде барлық тексеру және бақылау түрлерін болдырмау мақсатында курьерде Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жөнелтуші ұйым берген арнайы жүкті тасымалдауға рұқсат және оның ішіндегісі көрсетілген ұйымның ресми бланкісіндегі ілеспе хаты болуы тиіс. Патогендігі І-IІ топтардың микроорганизмдері үшін екі данада қосымша қаптамалау актісі жасалады. Көрсетілген құжаттардың бірінші даналарын микроорганизмдер бар қаптамаға салады. Құжаттардың көшірмесі жөнелтушіде қалады. Патогендігі І-IV топты микроорганизмдерді алған ұйым қаптаманы ашу актісін жасауы және патогендігі І-I V топтардың микроорганизмдерін алуды растайтын хатпен бірге оны берген ұйымға жөнелтіледі.
231. Жөнелтуші ұйым алушы ұйымға жедел байланыстың кез келген түрімен патогендігі І-IV топтардың микроорганизмдері жөнелтілген күн мен көліктің түрін хабарлайды.
232. Патогендігі І-IV топтардың микроорганизмдерін тығыз қоректік ортада береді. Құрамында микроорганизмдер бар уыттарды, вирустарды, ағзаларды, тіндер мен олардың жүзгіндерін консервіленген сұйықтықта немесе тоңазытылған күйде беруге жол беріледі.
233. Материалды тасымалдауда зертханаға үш есе қаптамалау қағидасын ұстану қажет, ол мынаны қамтиды:
1) бастапқы сыйымдылық –сынамасы бар берік жабылатын қақпақпен жабылған, зертханалық үлдірмен тұмшаланып таңбаланған контейнер/түтік/ шиша;
2) екінші сыйымдылық – ағып кету жағдайында үлгінің барлығын сіңіру үшін қажетті сіңіруші материалы бар су өткізбейтін, ағып кетуді болдырмайтын берік контейнер (полиэтиленді пакет);
3) сыртқы қаптама – биологиялық материалдарды тасымалдауға арналған берік термооқшаулаушы контейнер. Тасымалдаудың температуралық шарттарын қамтамасыз ету үшін термоконтейнерге салқындату элементтері салынады. Термоконтейнердің сырт жағында алушының мекенжайы, телефоны, факсі, электрондық почтасы және тасымалдау шарттары көрсетілген затбелгі бекітіледі.
234. Жөнелтілімнің мекенжайы жазылған жағында – «Қауіпті! Тасымалдау кезінде ашуға болмайды» деген белгі болады.
235. Патогендігі І-IV топтардың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал тірі жануарлар мен буын аяқтыларды тасымалдауға тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша жол беріледі. Патогендігі І-IV топтардың микроорганизмдерінжұқтырған тірі жануарлар мен буын аяқтыларды тасымалдауға тыйым салынады.
236. Микроорганизмдерді тасымалдау кезінде авариялар, зілзалалар туындап, жөнелтілім жоғалған немесе ұрланған жағдайда тез арада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға оқиға болған орынды күзету, салдарларын жою және іздестіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау үшін хабарлау қажет.
237. Микроорганизмдердің өсірінділері мен уыттарының экспорты және импорты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
238. Шетелден ПБА алған ұйымдар бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық микроорганизмдер коллекциясын хабардар етуі тиіс.
239. Шетелдік іссапарлар кезінде микроорганизмдер алған тұлғалар келгеннен кейін оларды өз ұйымына тіркейді.
240. Жөнелтуші ұйым жөнелткен жерге дейін қаптамалау және тасымалдау қағидалары талаптарының сақталуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық конвенциялар мен қағидаларға сәйкес Халықаралық почтамт арқылы ПБА-ны қаптамалаудың және жөнелтудің дұрыстығына жауапты болып табылады.
241. Алушы мен жөнелтушінің мекенжайлары көрсетілген жәшіктің беті күлгін түсті жазба белгімен және «Тез бұзылатын биологиялық зат», «Қауіпті: жөнелту кезінде ашуға болмайды», «Коммерциялық құндылығы жоқ», «Халықаралық пошталық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес қаптамаланған» деген ерекше белгілермен (ағылшын тілінде) жабдықталады.
242. Медициналық ұйымдар микроорганизмдердің тегі, түрі, авторлық коллекцияның типтік атауы көрсетілген талаптарды жолдай отырып, оларды алу мақсаты мен қажеттілігін негіздеп, ПБА-ны тек тірі өсірінділер мұражайлары арқылы ғана сұрата алады.

«Зертханаларға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша


5108652055257389.html
5108666189912756.html
    PR.RU™